ҚР Президентінің Жолдауы

Ақмолалық жастармен жұмыс істеуге 225 млн теңге бөлінді

Ақмола облысының жастарымен жұмысты ұйымдастыру үшін 225 млн теңге бөлінді, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметі.
Ақмола17 Наурыз , 08:47

Ақмола облысында жастарды жұмыспен қамту бойынша  орталықтандырылған жұмыс жүргізілуде.  «Дипломмен ауылға»  бағдарламасы аясында  2017 жылға  59,5 млн теңге  жәрдемақы төлеуге,  бюджеттік несиеге 1 млрд теңге төлеу қарастырылып отыр.

«Жастарды жұмыспен  қамтуды ұйымдастыру мақсатында  жастардың еңбек  жасағы қызметін дамыту қарастырылған.  Бұл мақсаттарға  облыстық бюджетке  48 млн теңге көлемінде республикалық трансферт түсті.

Сондай-ақ, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындық аясында  өткен жылдың  күзінен бастап басқарма көрмеге қатысуға  еріктілердің дайындығын жүргізуде.

Облыста  20 жастардың ресурстық орталығы жұмыс істейді. 




Яндекс.Метрика