Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Биыл Астанада 43 жаңа мектеп автобусы іске қосылмақ

Астанада мектеп оқушыларын тасымалдаудың жаңа бағдар желісі құрылып, 43 жаңа мектеп автобусын сатып алу мәселесі пысықталды. Бұл туралы астаналық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов Astana Expert Club сарапшылар клубының бірінші отырысында хабарлады.
Нұр-Сұлтан16 Наурыз , 17:42

«Мектеп оқушыларын тасымалдауды енгізудің бірінші кезеңін іске асыру аясында 2017 жылы мектеп автобустарын іске қосу жоспарланып отыр, олар бірінші кезекте мектептері жоқ немесе мектептерінде орын жоқ қала шетіндегі оқушыларға қызмет көрсететін болады», – деді Б. Игенбердинов.

Сондай-ақ, сарапшылар клубының мүшелері ағымдағы жылы жаңа форматта қалалық такси қызметі де іске қосылатынын хабарлады. Жаңа қалалық такси қызметі ресми таксиді осы нарықтың дамуын ынталандыратын жеңілдіктермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Такси қызметі бірыңғай жабдық пен түске, пост-терминалдар арқылы карталармен ақы төлеу мүмкіндігіне ие болады. Жүргізушілер біліктілігін арттырудан өтеді», – деді Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасының басшысы.

2017 жылғы мамырға дейін Астанада 8 такси тұрағын ұйымдастырып, олардың санын біртіндеп 250-ге дейін көбейту жоспарлануда.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика