Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Астананың 13 учаскесінде мамырдың соңына дейін «Bus lane» жекеленген жолақтары енгізілмек

Астана қаласының 2017 жылға арналған қоғамдық көлігінің дамуы туралы астаналық жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов Astana Expert Club сарапшылар клубының бірінші отырысында айтып берді.
Нұр-Сұлтан16 Наурыз , 16:23

Астана тұрғындары үшін тасымалдаудың қолайлы, сенімді және қауіпсіз жағдайларын жасау қоғамдық көлікті дамытудағы негізгі бағыт болып табылады.

«2017 жылы Астана әкімдігі елорданың қоғамдық кешеніне оң әсер ететін және одан әрі даму үшін қажетті серпін беретін бірқатар ірі жобаларды іске асыруды көздеп отыр. Бүгінгі таңда «Bus Lane» қоғамдық көлік қозғалысы жолақтарын кезең-кезеңмен енгізу жалғасуда, бұл жұмыс 2015 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Биыл мамырдың соңына дейін Астананың 13 учаскесінде енгізуді жоспарлап отырмыз. Осылайша, қоғамдық көлік қозғалысының екі есе артуы және көлік күтудің 5-7 минутқа қысқаруы күтілуде», - деп атап өтті Б. Игенбердинов.

«Bus Lane» жобасына қоғамдық көліктер ғана емес, сонымен қатар арнайы көліктер мен жедел жәрдем де кіреді. Осыған орай, денсаулық сақтау бағдарламасы бойынша жедел жәрдемнің келуі жылдамдатылады.

Сондай-ақ, әкімдік сапалы жол нұсқағыштарымен қамтамасыз етуді де көздейді. Астанада биыл 150 жол нұсқағышы орнатылса, оның 70-і ЭКСПО-2017 көрмесіне дейін орнатылмақ. 

Кездесуде, сондай-ақ, өткізу қабілеті жоғары болып келетін көлік кешенін басқарудың жаңа моделі де талқыланды, ол жеке көліктің тартымдылығын төмендетіп, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырады, экологиялық жағдайды жақсартады.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика