Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Мысыр сарапшысы Қазақстандағы конституциялық өзгерістерге баға берді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Египеттің Жоғарғы Конституциялық сотының төрағасы Абдел Вахаб Абдель Разек пен кездесті. Тараптар сауда- экономикалық және мәдени- гуманитарлық бйланыстарды нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы16 Наурыз , 18:03

«Бүгінгі күні Алматы әлемнің дамыған 600 мегаполистерінің қатарына енген, біздің қаламыз сапалы сервис пен қызметтің, өңірлік қаржының орталығы, мұнда заң тұрғысында инвесторлар үшін барлық жағдайлар жасалған. Египет азаматтарының қалаға, әсіресе туризмге қатысты іскерлік белсенділігі арта түседі деп ойлаймын», - деді Бауыржан Байбек.

Өз кезегінде Египеттің Жоғарғы Конституциялық сотының төрағасы Абдел Вахаб Абдель Разек Қазақстандағы соңғы конституциялық өзгерістерді жоғары бағалады.

«Екі елдің өздеріне ғана тән тарихы бар, бірақ қандай жағдайда да байланыс үзілмейді. Менің бүгінгі сапарым Қазақстанның басты заңды құжатына өзгеріс енуімен тұспа- тұс келіпті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өзі азаматтардың құқы мен бостандығын нығайтуға бағытталған өзгерістерді енгізудің бастамашысы болғандығы қуантады. Бұл - өзге мемлекеттерге жақсы үлгі. Маңызды құжатты талқылауға алматылықтардың белсенді түрде қатысқанын білеміз әрі қабылданған өзгерістердің Қазақстанның барлық азаматтарының жүрегінен лайықты орын алғандығына сенімдіміз», - деп атап өтті Египеттің Жоғарғы Конституциялық сотының төрағасы.

Кездесу барысында египеттік тарап Алматы әкімін солтүстікафрика еліне ресми сапармен келуге шақырды.

Анықтама үшін: 2016 жылы Алматы қаласы мен Египет арасындағы тауар айналымы 14,5 млн. АҚШ долларын құрады, қалада 12 біріккен және 16 египеттік кәсіпорындар тіркелген.

 

 




Яндекс.Метрика