EXPO-2017

Вьетнам Ұлттық жиналысының Төрайымы ЭКСПО-2017 көрмесіне келеді

Вьетнам Ұлттық жиналысының Төрайымы ЭКСПО-2017 көрмесіне келеді. Бұл туралы Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Бекетжан Жұмаханов Қазақстан Республикасымен ынтымақтастық жөніндегі парламенттік Достық тобының Төрағасы, Вьетнам Ұлттық жиналысының Ғылым, технология және қоршаған орта жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары д-р Ле Хонг Тиньмен кездесу барысында мәлім болды.
Әлемде 16 Наурыз, 19:06

Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай,  екіжақты ынтымақтастықтың даму келешектерін талқылау барысында     Б. Жұмаханов саяси диалогтың маңызды құрамдас бөлігі парламентаралық қатынастар екендігін атап өтті. Бұл тұрғыда қазақстандық дипломат 2017 жылға жоспарланған Вьетнам Ұлттық жиналысының Төрайымы Нгуен Тхи Ким Нган ханымның Қазақстанға сапары «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесіне қатысумен ұштастырып өтетініне үміт білдірді.

Вьетнамдық депутат екі ел арасындағы парламентаралық қарым-қатынастарды нығайту және жандандыру қажеттігін құптады және Вьетнам Парламенті Төрайымы Нгуен Тхи Ким Нган ханымның Қазақстанға алдағы сапары екіжақты қарым-қатынастарға қажетті серпін беретініне үміт білдірді.

Айта кетейік, Ханойда Вьетнам Социалистік Республикасы Ұлттық жиналысының (бір палаталық Парламент) ғимаратында Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Бекетжан Жұмаханов Қазақстан Республикасымен ынтымақтастық жөніндегі парламенттік Достық тобының Төрағасы, Вьетнам Ұлттық жиналысының Ғылым, технология және қоршаған орта жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары д-р Ле Хонг Тиньмен кездесу барысында Вьетнам Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдайтындығы мәлім болды.

 





Яндекс.Метрика