Парламент

ҚР Парламенті Сенаты Экологиялық кодекске түзетулерді қабылдады

ҚР Парламентінің Сенатында Экологиялық кодекске түзетулер екі оқылымында қаралып, қабылданды, деп хабарлады палата.
Нұр-Сұлтан16 Наурыз , 16:52

Құжат экологиялық заңнаманы жетілдіруге және анықталған құқықтық кемшіліктерді жоюға бағытталған.

Өзгерістер кейбір нормаларды алып тастауды да көздейді.

«Заңмен қоршаған ортаға елеулі әсер етпейтін объектілер жөніндегі жобалық құжаттама бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу қажеттігі туралы норма алынып тасталады. Экологиялық кодекстің қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдауға және алдын ала өңдеусіз полигондарда көмуге тыйым салатын нормаларын қолданысқа енгізу мерзімі өзгертіледі. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдардың үлестік коэффициенттерінің тізбесін әзірлеу және бекіту бөлігіндегі құзыреті нақтылануда», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, өзгерістер табиғи және жасанды су объектілеріне ағын сулардың құйылуын реттеу жөніндегі нормаларға да қатысты болмақ.

Еске сала кетейік, бұрын Сенат ҚР мен РФ арасындағы Ембі полигонын пайдалану және жалдау шарттары туралы келісімнің және Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы Ембі сынақ полигонын жалдау туралы шарттың қолданылуын тоқтату шаралары туралы Қазақстан мен Ресей арасындағы Хаттаманы ратификациялаған болатын. 




Яндекс.Метрика