Халықаралық интеграция

Вьетнам Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдайды

Ханойда Вьетнам Социалистік Республикасы Ұлттық жиналысының (бір палаталық Парламент) ғимаратында Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Бекетжан Жұмаханов Қазақстан Республикасымен ынтымақтастық жөніндегі парламенттік Достық тобының Төрағасы, Вьетнам Ұлттық жиналысының Ғылым, технология және қоршаған орта жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары д-р Ле Хонг Тиньмен кездесу өткізді.
Әлемде 16 Наурыз, 16:14

Пікір алмасу барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны Қазақстандағы басты саяси үрдістерімен және Елбасының билік тармақтары арасындағы өкілеттілікті қайта бөлу жөніндегі бастамаларымен, сондай-ақ ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының басымдықтарымен таныстырды. Дипломат біздің елде өтіп жатқан конституциялық реформалардың салдарынан Қазақстан Парламентінің өсіп келе жатқан рөлін ерекше атап өтті.

Елші Б. Жұмаханов көпжақты алаңдарда Қазақстан мен Вьетнам арасындағы белсенді өзара әрекеттесуін атап өтті және сұхбаттасушыны Қазақстанның халықаралық бастамаларымен таныстырды, әсіресе, ядролық қаруды таратпау және жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайту саласындағы күш-жігеріне назар аударды.

Елші Қазақстанның көліктік-транзиттік әлеуеті, контейнерлік тасымалдау арқылы, оның ішінде «Ляньюнган» (ҚХР) теңіз портындағы қазақстандық терминал арқылы түрлі бағыттар арқылы жеткізуге болатындығын және олар ЕАЭО мемлекеттеріне тасымалдау уақытын әлдеқайда қысқартатыны жөнінде де айтты. 

Ле Хонг Тинь біздің елдеріміз арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың қарқынды және үдемелі дамуын қанағаттанғандықпен атап өтіп, аталған ынтымақтастық сенім мен достық қатынастар негізінде және Кеңес Одағы кезеңінде қаланғанын хабарлады.

Достық тобының төрағасы Қазақстан мен Вьетнам арасында саяси және экономикалық салаларда ешқандай қарама-қайшылықтар жоқ екенін ерекше айтты және Вьетнам Қазақстанның барлық халықаралық бастамаларын толықтай қолдайтынын жариялады.

Вьетнамдық депутат екі ел арасындағы парламентаралық қарым-қатынастарды нығайту және жандандыру қажеттігін құптады және Вьетнам Парламенті Төрайымы Нгуен Тхи Ким Нган ханымның Қазақстанға алдағы сапары екіжақты қарым-қатынастарға қажетті серпін беретініне үміт білдірді.

Сұхбаттың соңында Б.Жұмаханов ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының вьетнам тіліне аударылған мәтінін сұхбаттасушыға табыс етті.

 





Яндекс.Метрика