Парламент

Сенат Қазақстанға Ембі полигонын қайтару туралы хаттаманы мақұлдады

Сенат ҚР мен РФ арасындағы Ембі сынақ полигонын жалдау туралы шарттың қолданысын тоқтату жөніндегі шаралар туралы Қазақстан мен Ресей арасындағы хаттаманы ратификациялады. _________________________________________________________ Сенат Ақпарат көзі: http://www.parlam.kz/kk/senate/press-center/article/25974 Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты
Астана қаласы 16 Наурыз, 15:52

Хаттаманың мақсаты Қазақстанмен бұрын бекітілген Полигонды пайдалану және жалға беру шарттары туралы келісімнің және Сынақ полигонын жалдау шартының 2017 жылғы 1 қаңтардан қолданысын тоқтату болып табылады.

"Хаттама аясында Ресей Федерациясының Ембі полигонындағы жер учаскелерін, жылжымалы және жылжымайтын мүліктердің амортизациясын ескере отырып, одан әрі пайдалануға жарамды жағдайда Қазақстан Республикасына беруі қарастырылған", - делінген хабарламада.

Хаттамаға сәйкес, Ембі полигонын беруді тараптардың өкілетті өкілдерінен құрылған бірлескен комиссия жүзеге асырады.

«Полигонды алу өңірдің экономикалық дамуына қолайлы әсер етеді. Атап айтқанда, қайтарылатын жерлер ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындардың, пайдалы қазбаларды барлау, өндіру саласында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың мүдделерінде пайдаланылуы мүмкін », – деп анықталды Сенатта.

Айта кетейік, Ембі полигонын қайтарып алу Мемлекет басшысының Ресей Федерациясы жалдаған әскери полигондардың ауданын қайта қарау туралы тапсырмаларын орындау жұмысының жалғасы болып табылады. 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика