Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Теміртауда қазақстандық қамтуды дамыту мәселелері талқыланды

Қарағанды облысының Теміртау қаласында ҚР ИДМ «NADLoC» жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» АҚ-ның қатысуымен «АрселорМиталл Темиртау» АҚ сатып алу жоспарлары мен қағидаларын таныстыру форумы өтті, оның мақсаты – қазақстандық қамтуды дамыту, жүйе құрушы кәсіпорындардың сатып алуы мен отандық тауар өндірушілерді қолдауда жергілікті қамту үлесін ұлғайту.
Қарағанды16 Наурыз , 18:49

Форумға қатысушылар жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі бірқатар проблемалық мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады, қызметтің негізгі бағыттарын және шағын және орта бизнесті дамытуға, қазақстандық тауар өндірушілерді қолдауға ықпал ететін шараларды көздеді.

«NADLoC» АҚ төрағасының орынбасары Әділхан Арыстанов атап өткендей, бүгінгі форум Қазақстандағы жергілікті қамтудың даму мүмкіндіктері мен проблемаларына назар аудартады.

«NADLoC өз тарапынан қазақстандық қамтудың дамуына қатысты кез келген мәселелер бойынша көмек көрсетуге дайын», - деп атап өтті ол.

Ә. Арыстановтың айтуынша, 2016 жылы Қарағанды облысы бойынша жергілікті қамту үлесі 71,1% құрады. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 1,7% артқан.

«АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ға келетін болсақ, компания жүйе құрушы кәсіпорындар арасында жергілікті қамтуды дамыту бойынша көшбасшы компаниялардың бірі болып табылады. 2016 жыл қорытындылары бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 75,5% құрады. Осы ретте, АрселорМиттал салыстырмалы үлесі 66,1 % құраса, Қарағанды облысындағы сатып алынған отандық өнім үлесі 70,5% құрайды», - деді ол.




Яндекс.Метрика