EXPO-2017

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында жаңа қызметтерді ұсынады

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ төмендегідей жаңа қызмет түрлерін ұсынатынын хабарлайды.
Казахстан16 Наурыз , 17:59

Жолаушылар наурыз айынан бастап билет кассаларынан «Астана-ЭКСПО» дисконттық картасын сатып ала алады. Ол Тұлпар-Тальго пойыздарына 2017 жылдың соңына дейін 15 пайыздық жеңілдік береді. Сонымен қатар, кез келген демалыс күнінде ЭКСПО-ға кіретін премиум билеті қоса сыйға беріледі, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

Аталған дисконттық картаны Астана, Алматы-1, Алматы-2, Карағанды, Актөбе, Шымкент, Тараз, Өскемен, Атырау, Орал, Манғышлак, Павлодар, Петропавловск, Кызылорда, Костанай, Семей және тағы басқа да қалалардың темір жол кассаларынан сатып алуға болады.

Бұдан бөлек, біртұтас қызмет арқылы жолаушының қалауы бойынша кез келген бағытқа темір жол билетімен бірге ЭКСПО билетін де қоса сатып ала алады.

ЭКСПО-ға билеттің үш түрі ұсынылады:

-Жұмыс күніне мерзімі көрсетілген билет – демек жолаушы көрмеге баратын күнін өзі белгілейді.

-Жұмыс күніне мерзімі көрсетілмеген билет – демек жолаушы көрмеге кез келген жұмыс күні бара алады.

-Демалыс күніне мерзімі көрсетілмеген билет – демек жолаушы көрмеге кез келген демалыс күні бара алады.




Яндекс.Метрика