Өңірлер

Алматы облысында биыл МЖӘ бойынша 11 жоба жүзеге асырылады

Алматы облысында биыл МЖӘ бойынша 11 жоба жүзеге асырылады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы16 Наурыз , 20:03

«Біз Алматы облысын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыруда көшбасшылардың бірі деп есептейміз», - деп атап өтті «Қазақстандық мемлекеттік жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ төрағасының орынбасары Ғалымбек Мамраев Талдықорған қаласында ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп өткізген көшпелі семинары кезінде сөйлеген сөзінде.

Семинар барысында облыс әкімінің міндетін атқарушы Лаззат Тұрлашов Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында облыста МЖӘ дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті.

Биылғы жылы 20 млрд. теңгеге 11 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. 2018 жылы құны 36,6 млрд. теңге болатын 47 жоба қолға алынады. Атап айтқанда, 37 балабақша, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинақтайтын 9 полигон, 1 музей.

«Мемлекет басшысы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында МЖӘ мемлекет пен бизнестің басты жалпыұлттық міндеттерді қалай бірлесіп шешетінінің айғағы ретінде атап көрсеткен еді. Сондықтан біз бұл бағытта нәтижелі жұмыс істеуге тырысудамыз. Ол үшін инвестор тарту жұмысы белсенді жүргізілуде. Жалпы 2020 жылға дейін Алматы облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде құны 56,6 млрд. теңге болатын 66 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр», - деді Л. Тұрлашов.

Семинар барысында Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестиция және МЖӘ дамыту депатраментінің директоры Н. Аязбаев сөз алды. Өз сөзінде Н. Аязбаев бүгінгі күні МЖӘ дамытудың елімізде нормативтік-құқықтық базасы қалыптасып, жеке серіктесті анықтаудың процедуралары оңайлатылғанын тілге тиек етті.

МЖӘ жобасының типтік конкурстық құжаттамалары, экономиканың жекелеген салаларында МЖӘ-ні жүзеге асыру тәсілдері бойынша МЖӘ-нің типтік келісімшарттары туралы  «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ төрағасының орынбасары Ғалымбек Мамраев түсіндіріп берді.

Семинар барысында кәсіпкерлер мен жергілікті атқарушы органдардың алдынан шыққан алғашқы кездердегі проблемалық мәселелер туралы талқыланды. Сол сияқты семнарды ұйымдастырушылар қойылған сауалдарға толыққанды жауап берді.




Яндекс.Метрика