Инвестициялар

Омбы облысының губернаторы «Павлодар» АЭА әлеуетіне баға берді

Омбы облысының губернаторы Виктор Назаров Павлодар облысына ресми сапармен келген сапары аясында арнайы экономикалық аймақтың мүмкіндіктерімен танысып, бірқатар павлодарлық кәсіпорындарға барды.
Павлодар16 Наурыз , 20:21

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов  пен Омбы облысының  әкімі Виктор Назаров  «Назарбаев зияткерлік мектебі», Павлодар мұнай-химия зауыты, «Нефтехим LTD» ЖШС, полипропилен  өнімдерін шығаратын зауыт, «Казэнергокабель» кабель өндіретін зауыт жұмысымен танысты.

Бүгінгі таңда арнайы экономикалық аймақта  бес кәсіпорын бар. Тағы алты жоба жүзеге асырылуда.  Виктор Назаров АЭА мүмкіндігін  бағалап, осы сынды арнайы экономикалық аймақтар  инвестиция тартудың жақсы мүмкіндігі екенін айтты.

«Бизнеске аталмыш аймақта жұмыс істеп, өз өнімін Ресейге шығарған қолайлы. Сондай-ақ, логистика  саласына келетін болсақ, павлодардан Омбыға дейін 400 шақырымды ғана құрайды», - деді ол.

 




Яндекс.Метрика