EXPO-2017

ЭКСПО-2017 алаңында 9 мың қызметкер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді (ВИДЕО)

ЭКСПО-2017 алаңында 9 мың қызметкер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, деді Астана қаласы бойынша Ішкі істер департаментінің басшысы Амантай Әубәкіров ЭКСПО алаңында полиция бөлімінің ашылу салтанатында.
Астана қаласы 14 Наурыз, 19:23

«ЭКСПО аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 9 мыңға жуық құқық қорғау органдарының өкілдері мен Ұлттық гвардия мен Қорғаныс министрлігінің әскерилері, сондай-ақ жеке күзет құрылымы мен еріктілер жұмылдырылады. Шетел азаматтарының өтініштеріне дер кезінде әрекет ету үшін полиция қызметкерлеріне ағылшын тілін меңгеру курстары жүргізілді» - деді Астана қаласы ІІД Басшысы Амантай Әубәкіров.

Астана мен Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайларда және ЭКСПО-ның Халыққа қызмет көрсету орталығында, сондай-ақ,  қаланың 40 қонақ үйінде миграциялық бақылау жұмыстарын тездету үшін миграциялық пунктер қарастырылған.

Шетелдік азаматтарды тіркеу процесін жеңілдету мақсатында қаладағы 23 қонақ үйде, заңды және жеке тұлғалардың өтінімдері бойынша автоматтандырылған режимде Электрондық Үкімет порталы арқылы шетелдік қонақтарды онлайн-тіркеу жүргізілетін болады.

Ал, ЭКСПО-дағы қауіпсіздік мәселесіне келетін болсақ, шараны ұйымдастырушылар Шанхай, Йосу, Миланда өткен халықаралық көрмелер мен Баку және Сочиде өткен спорттық жарыстардаға халықаралық тәжірбиені егжей-тегжейлі меңгерді.








 





Яндекс.Метрика