Үкімет

ҚР-да негізгі медико-демографиялық көрсеткіштер оңтайлы қарқынға ие – Денсаулық сақтау министрлігі

ҚР-да негізгі медико-демографиялық көрсеткіштер оңтайлы қарқынға ие, деді Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Астана қаласы14 Наурыз , 11:29

«Мемлекеттік бағдарламаны 2016 жылы жүзеге асыру барысында біз Елбасының Жолдауында қойылған жаңа міндеттерді де басшылыққа алдық. Мемлекеттік бағдарламаның 2016 жылғы қорытындылары бойынша күтілетін өмір сүру ұзақтығы, тұрғындардың денсаулық индексі, халықтың медициналық қызмет сапасына деген қанағаттанушылығы сияқты медициналық-демографиялық көрсеткіштердің оң динамикасын байқап отырмыз. Алайда былтыр күтілген 35 көрсеткіштің екеуі орындалған жоқ. Бұлар – ана өлімі мен  қатерлі ісікке шалдыққандардың 5 жылға дейін қайта науқастанбауын қамтамасыз ету»,-деді Елжан Біртанов.

Екінші бастама – біздің стандарттарды Экономикалық  ынтымақтастық және даму елдерінің үлгісіне сәйкестендіру.

«Мұның аясында жеке медицинаның дамуындағы кедергілерді жою, мемлекеттік функцияларды тәуелсіз кәсіби ортаға беру, дәрі-дәрмектердің бағасына мемлекеттік реттеу жасау  жөніндегі  көрсеткіштерге қол жеткізу міндеттері тұр. Үшінші бастама – инфрақұрылымды (жүйені) қайта құру,денсаулық сақтау жүйесіндегі адами ресурстарды басқаруды жаңғырту жоспарлануда.Барлық бастамалардың түпкі мақсаты - жаһандық бәсекелестік жағдайында цифрландыру және ақпараттандыру мүмкіндіктерін пайдалана отырып, тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің қолжетімділігін және сапасын арттыру»,-деп атап өтті министр.  

 «Үшінші бағыт бойынша үкіметтік емес ұйымдардың, денсаулық сақтау саласындағы жеке сектордың, фармацевтикалық өндіріс өкілдерінің қатысуымен Сапа жөніндегі біріккен комиссия (СБК) құрылды. Төртінші бағытта Қазақстандық ұлттық формуляр одан әрі толықтырылуда,экономикадағы отандық өнім өндірушілердің үлесі артып келеді.   Өндірушілермен тікелей келісім-шарт жасау,  UNICEF-пен тығыз байланыс сынды бірқатар шаралар Біріңғай дистрибьютер жұмысының тиімділігін арттырды. Бұл дәрілік заттардың бағасын төмендетуге мүмкіндік береді.  Дәрілік заттардың 7713 сауда атауларының 4183-нің бағасы мемлекет тарапынан реттеледі»,- деп мәлімдеді Елжан Біртанов.

«Бесінші бағыт бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілуде. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заң қабылданып, оған 2016 жылы жарнаның базалық төлемдерін төмендету және Қорға аударылымдарды бастау мерзімін 2018 жылдың 1 қаңтарына шегеру туралы өзгерістер енгізілді.  Аталмыш заңдарды жүзеге асыру үшін 17 негізгі нормативтік-құқықтық актілер қабылданып, олардың үшеуі Үкіметте бекітілді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылды. Ел ішінде ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет пен жұмыс берушілердің аударым көлемін төмендету туралы заң жобасы ҚР Парламент Мәжілісінің қарауына жіберілді», -деді министр.  

Алтыншы бағыт бойынша Денсаулық сақтау республикалық орталығының кадрлық обсерваториясының базасында медициналық кадрларға қажеттілік  болжанып, адами ресурстарды стратегиялық болжау және медициналық білімді жаңғырту жөніндегі екі ірі жоба жүзеге асырылуда.Медициналық жоғарғы оқу орындарының шетелдік стратегиялық әріптестері нақтыланды. Қолданбалы бакалавриаттың финдік үлгісінің негізінде мейіргерлік білімді жаңғырту жөніндегі жұмыс жалғасуда. Бұл жоба бойынша 6 пилотты колледжде 320 адам білім алуда.  

Жетінші бағыт бойынша мемлекеттік-жеке серіктестікті дамытуға ерекше мән берілуде. Мемлекет пен бизнестің ортақ мәселелерін талқылау алаңы ретінде министрлік жанынан Бизнес-кеңес құрылды.  Еуропалық қайта құру және даму банкімен, Азия даму банкімен (АДБ) бірлесіп мемлекеттік-жеке серіктестікті (МЖС) және инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жол картасы жасалып, МЖС жобаларын қолдау туралы келісімге қол жеткізілді.  Азия даму банкімен 4 пилотты мемлекеттік-жеке әріптестік жобасы жүзеге асырылуда, тағы 2 республикалық жоба дайындық кезеңінде. МЖС негізінде 3 жоба, сенімді басқару жөніндегі 9 жоба бойынша келісімге қол қойылды.  

 «Президент Жолдауына байланысты біз денсаулық сақтау саласына қатысты 5 бастама көтердік. Бірінші бастама – денсаулық сақтау жүйесін пациент мұқтаждығына қарайбіріктіру. Яғни, бүкіл цикл барысында медициналық көмектің біріктірілгенүлгісін енгізу, денсаулық сақтау жүйесін пациентке бағыттау тұрғысынан қайта құру көзделіп отыр.




Яндекс.Метрика