Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

Медицинаны дамытуға қатысты жүктелген міндеттерді орындау біздің қолымыздан келеді - мәслихат депутаты

Астана қалалық №2 балалар ауруханасының бас дәрігері, мәслихат депутаты Қаршыға Құлмұханов Елбасының Жолдауында жүктелген отандық медицинаны дамыту туралы міндеттер орындалады деген сенімде екенін жеткізді.
Астана қаласы19 Желтоксан , 00:00

«Өзінің кезекті Жолдауында Елбасы денсаулық сақтау саласын, отандық медицинаны дамыту саласына ерекше көңіл бөлді. Біз, қалалық балалар ауруханасы жақында ғана жаңа ғимаратқа ауыстық, бұл да елдегі медицина саласының жаңа сатығы көтеріліп келе жатқанының бір көрінісі бола алады», - деді Қ.Құлмұханов.

Мәслихат депутатының айтуынша, Елбасы міндет еткен тапсырмаларды орындау отандық медицинаның қолынан келетін іс. 

«Елбасы өз Жолдауында халықты алдын-ала тексеруден өткізу мәселесіне тоқталып өтті. Біздің еліміз алдыңғы стратегияны да мерзімінен бұрын орындады. Ендігі міндеттерді де жүзеге асыру отандықтық медицинаның қолынан келеді», - деді өз ойын білдірген дәрігер.




Яндекс.Метрика