Парламент

22-23 наурызда Қазақстанға Өзбекстан Президенті келеді

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға 22-23 наурызда келеді. Бұл туралы ҚР сыртқы iстер министрi Қайрат Әбдірахманов «Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауiпсiздiк кеңесiне 2017-2018 жж. мүшелiгiнiң басымдықтары» деген тақырыпта өтіп жатқан Мәжiлiстегi Үкiмет сағатында айтты.
Астана қаласы13 Наурыз , 12:06

«Өзбекстан Президентінің  22-23 наурыздағы Қазақстанға сапарынан кейін  Астанаға  Орталық Азия елдерінің бірқатар басшылары сапарлап келеді. Бұл Орталық Азияның  трансұлттық  мәселе алдындағы бірлігін көрсетеді», -  деді Қ.Әбдірахманов.

Айта кетейік,  өзінің алғашқы  ресми сапарын Өзбекстан Президенті Қазақстаннан бастайды.

Кайрат Жандыбаев

 




Яндекс.Метрика