Баланы қорғау

Мәжіліс балаларды зиянды ақпараттан қорғауға арналған заң жобасын мақұлдады

Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау мәселелері туралы» депутаттық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп палатаның баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан18 Желтоксан , 11:35

«БАҚ-тарды, ортақ пайдаланылатын ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді пайдалана отырып таратылатын ақпараттар, жарнама өнімінің айналымы,  электрондық және компьютерлік ойындар, кино - бейне, өзге де аудиовизуальдық хабарламалар мен материалдар көбінесе, балаларға психикалық кері әсер етіп, агрессияға, қатыгездікке, қоғамға қарсы әрекеттерге итермелейді», - делінген хабарламада.

Балаларға арналған ақпарат өнімінің айналымына қойылатын арнайы талаптар енгізіліп отыр. Сонымен, ақпараттық өнімге жас санаты белгісі қойылуы тиіс. Сондай-ақ ортақ пайдаланылатын ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді пайдалана отырып таратылатын ақпаратқа балалардың қол жеткізуін шектеуге әкімшілік, техникалық, бағдарламалық құралдары немесе өзге де тәсілдер пайдаланылуы қажет. 

Сондықтан, Мәжіліс депутаты Алдан Смаиылдың жетекшілігімен жұмыс тобында әзірленген заң жобасы ілеспе түзетулерімен әртүрлі жастағы балаларға арналған  ақпараттық өнімдер мазмұнына (баспа, үн және бейне таспа, БАҚ басқа да өнімдерге) олардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы талаптарды бекітуді көздейді.

 

 




Яндекс.Метрика