Жаңа қазақстандық патриотизм

Дели қаласында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған қабылдау өтті

Дели қаласында Үндістандағы ҚР-ның Елшілігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының 22-ші Тәуелсіздік күніне арналған қабылдау өтті, деп Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлемде18 Желтоксан , 10:21

«Салтанатты мерекеге ҮР мемлекеттік сыртқы істер министрі Е.Ахамед басқа ресми тұлғалар,ҮР қорғаныс мекемелерінің басшылары, халықаралық ұйымдар және де шетелдік дипломатиялық миссиялардың жетекшілері мен қызыметкелері, іскерлік әрі академиялық топтардың, БАҚ, қауымдастық өкілдері, мәдиниет қайраткерлері, Үндістанда оқып жатқан қазақстандық студенттер қатысты», - делінген хабарламада.

Бірліктің рухани қалыптасуына, ұрпақтың өзара алмасыуна, өсіп келе жатқан ұрпақтың Отанға деген махаббатты мен мақтанышына қазақстандық дипломатиялық өкілдігі қызметкерлері балаларының мемлекеттік ән-ұранды орындауы жаңа серпін берді.

Қабылдау қонақтары Қазақстанның тарихи жерлері мен туристік мүмкүндігін, Астананың дамуына арналған фотосурет көрмесіне зор қызығушылық білдірді.  

 
 




Яндекс.Метрика