Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Қазақстанның болашаққа бағдарланған өз егемен логикасы бар

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Мәжілісінде өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында жер мәселесіне қатысты 26-бапты өзгеріссіз қалдыруды ұсынды.
Астана қаласы03 Наурыз , 17:58

 «Қазіргі Қазақстанның болашаққа бағдарланған өз егемен логикасы бар. Дәл осы логика барлық факторларды ескере отыра, саяси жаңғыруды бірінші орынға шығаруға себепші болды, бұл туралы біз 5 тармақтан тұратын Ұлт жоспарын қабылдаған кезде айтқан болатынбыз. Алға қойылған барлық міндеттерімізді орындау үшін ішкі және сыртқы саяси тұрақтылық қажет. Мемлекет пен ұлтқа ұзақ мерзімді саяси құрылым қажет. Үш жыл бұрын «Нұр Отан» партиясының съезінде мен бес реформа бағдарламасынан кейін конституциялық реформа жүргізілуі керек деп айтқан болатынмын», - деді Президент.

Мемлекет басшысы өткен жылдың наурызында парламенттік сайлау күні мемлекеттік басқару жүйесінде өзгерістер қажет және олардың орын алатыны туралы айтқанын еске салды.  

«Арнайы жұмыс тобы қолданыстағы 300-ден астам заң мен 20 кодекске талдау жүргізген болатын. Конституцияның 26-бабына түзетулер енгізуге қатысты әр түрлі пікірлер туындады. Сонымен қатар барлық конституциялық реформа біздің қоғамымызды шоғырландыруға бағытталған, сондықтан 26-бапты бұрынғы редакциясында қалдыруды ұсынамын. Біз халыққа тағы да түсіндіріп өтуіміз керек. Барлық заңгерлер қоғамы қолдады, себебі бұл елімізге инвестициялардың тұрақты түсуін, біздің инвесторларымыз бен қазақстандықтардың сенімін қамтамасыз етеді, алайда, әлі де асықпай, жұмыс жасау қажет», - деп түсіндірді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы осы мәселеде консенсус болуы керектігін қосты.

Қайрат Жандыбаев

 

 




Яндекс.Метрика