Ұлттың денсаулығы

Тұңғыш Президент Музейінде қазақстандық спорттың тарихы таныстырылды (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Тұңғыш Президент музейінде Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Тимур Кулибаевтың бастамасымен «Олимпиадалық қозғалыс» көрмесі ашылды.Шара ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің 25 жылдығына арналды.
Астана қаласы02 Наурыз , 20:24

Қазақстандық спорттың тарихы ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде таныстырлды. 

Көрмеге қазақстандық спорттың жетістіктеріне байланысты экспонаттар қойылды. 

Спортшылардың жеңісі  жас ұрпақты ынталандырады, экспозициялар атлеттеріміздің  жаңа жетістіктерімен толығатынана сенімдіміз. 

Келушілер ҚР ҰОК Президенттерінің  жеке коллекциясынан алынған  спорт ардагерлерінің  экспонаттарын көре алады.

Жәдігерлер оқиғаның мерзіміне байланысты тәртіппен орнатылған. 

Көрме болашақ  чемпиондар үшін қызықты алаңқай болады. 

 

Аталмыш  көрме Ұлттық олимпиада комитетінің  25 жылдыға арналған мерекелік шаралардың тізімін бастап берді.  Оның  басты шарасы  17 наурызда спорт ардагерлері мен  олимпиадалықтар, халықаралық қонақтардың қатысуымен өтеді. 

Экспозиция  2017 жылдың   2 мамырына дейін жалғасады. 

Фото:Арман Мұхатов 




Яндекс.Метрика