Қазақстан және БҰҮ

Гарант елдер сириялық келіссөдерді өткізудің мерзімін талқылауда – СІМ

Гарант елдер Астанада өтетін сириялық келіссөдерді өткізудің мерзімін талқылауда, деді Қазақстанның БҰҰ мүшелегіне өтуіне 25 жыл толуына орай өткен дөңгелек үстел барысында Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдрахманов.
Нұр-Сұлтан02 Наурыз , 19:06

Оның айтуынша, Астана процессін өткізу ендігі аптада белгілі болады.

«СІМ-ге гарант елдерден атап өтсек, Ресей Федерациясынан алдын ала ақпарат келіп түсті, олар қазір сириялық келіссөздердің  өткізу уақытын талқылап  жатыр. Нақты ақпарат келесі аптада белгілі болады», - деді министр.

Наурыз айының ортасында сирияаралық  келіссөздердің үшінші раунды өтуі керек.

Айта кетейік, Қазақстан  БҰҰ тұраұты емес мүшесі ретінде сирияаралық даудың шешілуіне Астанада келіссөз алаңқайын ұсынған болатын.

Ақбота Күзекбай  




Яндекс.Метрика