Қазақстан және БҰҮ

СІМ басшысы Қазақстанның БҰҰ-дағы рөлі туралы айтып өтті

СІМ басшысы Қайрат Әбдрахманов Қазақстанның БҰҰ-дағы рөлі мен Қазақстандағы адам құқықтарының басымдықтары туралы айтып өтті.
Астана қаласы02 Наурыз , 18:54

«Бүгін, яғни 2 наурыз күні Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 25 жыл толды. Бұл дамуға серпін беретін бұлқыныс. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуы жаһандық ұйымдағы мақсат-міндеттерімізді айқындай түсті», - деді министр.

Қайрат Әбдрахманов Қазақстанның әлемдегі беделді халықаралық ұйыммен қарым-қатынасының кезеңдерін атап өтті.

Қазақстанның  БҰҰ  мақсаттары мен ұстанымдарын ұстанатын  жетекші елдердің бірі ретіндегі рөлі жоғары. Осындай ұстанымның бірі адам құқығы болып табылады.

"Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына ширек ғасыр уақыт өтті. Осы жылдар аралығында елімізге ресми сапармен әр жылдары ұйымның бас xатшылары (2002 жылы Кофи Аннан, 2010 және 2015 жылдары Пан Ги Мун, 2016 жылы Антониу Гутерриш) келді. Сондай-ақ Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелері құрамына енді" , - дейді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов.

Қазақстан 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ Бас ассамблеясының 46-сессиясында жеке дербес ел ретінде БҰҰ-ға қабылданды. Салтанатты қабылдау рәсімінде БҰҰ-дағы еліміздің ең алғашқы елші­сі Ақмарал Арыстанбекова сөз сөйледі. Еліміз содан бері БҰҰ-ның ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ секілді ұйымдарымен тығыз байланыста.

Акбота Кузекбай

 

 




Яндекс.Метрика