Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстанда жүк вагондарын жасау көлемі 15 есе ұлғайтылады

Қазақстанда жүк вагондарын жасау көлемі 15 есе ұлғайтылады, деді Инвестициялар және даму министрлігі индустриялдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Тимур Нұрашев өнеркәсіп саласын дамытуға арналған брифингте.
Астана қаласы02 Наурыз , 16:54

«Теміржол машинасын жасау секторындағы өндіріс көлемін ұлғайтуды 2016 жылы жүк вагондарын шығаруға бөлінген қаржыны (17,5 млрд. теңге) игеру есебінен қамтамасыз етуге болады, - деді Т.Нұрашев.

Тағы да 1000 жүк вагонын шығару жоспарлануда. Жүк вагондарын жасау көлемін 15 есе ұлғайту күтілуде, ол «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың жүк вагондарының қажеттілігін толықтыруға және 2020 жылға қарай жылжымалы құрамның тозу деңгейін 25 %-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді», - деді ол.

«Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемінің шамалы ұлғаюы жоспарлануда. Биыл Алматы қаласының индустриялық аймағында «Хикма» иордан компаниясының дәрілік заттарын өндіру бойынша зауыттың құрылысы жоспарлануда», - деді ол.

Қайрат Жандыбаев 




Яндекс.Метрика