Парламент

Сенаторлар Экологиялық кодекске түзетулерді талқылады

Парламент Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы бірінші оқылымда қаралды.
Астана қаласы 02 Наурыз, 17:39

Парламент Сенатының ақпараты бойынша, заң жобасы еліміздегі қолданыстағы экологиялық заңнаманы жетілдіруге және оны құқық қолдану практикасы кезінде анықталған құқықтық олқылықтарды жоюға бағытталған.

Құжат қоршаған ортаға елеулі әсер етпейтін нысандар жөнінде жобалық құжаттар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу қажеттігі туралы ережелерді алып тастауды көздейді. Тұрмыстық қатты қалдықтарды алдын ала өңдеу жасамай полигондарға қабылдау мен көмуге тыйым салатын Экологиялық кодекс ережелерін қолданысқа енгізу мерзімдері өзгереді.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның парниктік газдар шығарындылары квотаны өнім бірлігіне шаққанда бөлу мақсатында парниктік газдардың үлестік дәрежелерінің тізбесін әзірлеу және бекіту бөлігіндегі құзыреті нақтыланады. Өзгерістер сондай-ақ сарқынды суларды табиғи және жасанды су объектілеріне ағызуды реттеу бойынша нормаларды нақтылауды да көздейді.

Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
 





Яндекс.Метрика