Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

2017 жылы өңдеу секторының жалпы өсімі кем дегенде 2%-ға артады деп жоспарланып отыр

2017 жылы өңдеу секторының жалпы өсімі кем дегенде 2%-ға артады деп жоспарланып отыр, деді Инвестициялар және даму министрлігі индустриялдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Тимур Нұрашев өнеркәсіп саласын дамытуға арналған брифингте.
Астана қаласы02 Наурыз , 16:34

 «2017 жылдың қорытындысы бойынша 2016 жылы енгізілген кәсіпорындардың есебінен жетекшілік ететін өңдеуші сектор салаларының кемінде 2 % тұтастай өсуі, түсті металл нарығындағы және темір-рудалы шикізаттағы әлемдік конъюнктураны жақсарту, болат, арматура, құбыр, рельстер, бастапқы алюминий, мыс, қорғасын өндірісінің, химия, фармацевтика өнеркәсібінің және өзге салалардың өнімдерін өндіруді арттыру, жаңа кәсіпорындарды іске қосу жоспарлануда», - деді Т.Нұрашев.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде «KazMinerals» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «ТНК «Казхром» АҚ-та руда өндіруді арттыру, әлемдік нарықтағы темір-руда шикізатына бағаның жақсаруы есебінен темір рудаларын өндіру көлемін арттыру (55 АҚШ долларынан 80 АҚШ долларына дейін), «ССГПО» АҚ, «BapyMining» ЖШС, «Өркен» ЖШС өндіріс көлемін ұлғайту жоспарлануда. 2017 жылдың 4-тоқсанында «Қызыл» жобасы бойынша Бақыршы кенішінде өндіруді бастау күтілуде.

«Қара металлургияда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Кастинг» ЖШС-да болат, «KSP Steel» ЖШС-да құбыр, «АРБЗ» ЖШС-да рельс өндірісін арттыру есебінен өсуі күтілуде.Түсті металлургияда «Казцинк» ЖШС, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-де өндіріс көлемдерінің ұлғаюы күтілуде», - деді ол.

Химия өнеркәсібінде «Казфосфат» ЖШС, «Ақтөбе хром жалғамалары зауыты» АҚ, «Каустик» АҚ-да өндіріс көлемдерін ұлғайту жоспарлануда.

Құрылыс материалдарының өндірісінде «Жамбылгипс» АҚ-та құрылыс қоспалары мен гипс бұйымдарын шығару жөніндегі технологиялық желілерді кеңейту және жаңғырту, «Шымкентцемент» АҚ–та «құрғақ тәсілмен» технологиялық өндіруді жаңғырту, «Рудненск цемент зауыты» ЖШС, «Көкше-Цемент» ӨБ» ЖШС цемент зауыттарының құрылысын, «Зерде-Керамика» АҚ екінші зауытының, «Севен Рефракториз Азия» ЖШС отқа төзімді материалдарды өндіру зауытының құрылысын аяқтау; «Отандық жиһаз өнімдерін өндірушілер» құрылған консорциум (жеңіл өнеркәсіптің «Жасампаз» консорциумына ұқсастығы бойынша) аясында мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық қамтуды және жиһаз өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен өндіріс көлемін ұлғайту жоспарлануда.

Жеңіл өнеркәсіпте 2016 жылы іске қосылған «Казлегпром-Алматы» ЖШС, «Жетісу» аяқ киім фабрикасы» АҚ жобалары есебінен және 2017 жылы іске қосылатын «Samhat» ЖШС, «Назар Текстиль» ЖШС, «В.А.Е.R» ЖШС, «AzalaFabrik» ЖШС, «SG Style» ЖШС, «Оқушыларға арналған мектеп киімінің тігін фабрикасы» ЖШС өндіріс көлемдерін ұлғайту жоспарлануда.

«Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемінің шамалы ұлғаюы жоспарлануда. Биыл Алматы қаласының индустриялық аймағында «Хикма» иордан компаниясының дәрілік заттарын өндіру бойынша зауыттың құрылысы жоспарлануда», - деді ол.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика