«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Есіл қаласын 10 қазандықтың орнына бір қазандық жылытады

Есіл қаласын он қазандық орнына бір қазандық жылытатын болады, деді Ақмола облысының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен энергетика басқармасының жетекшісі Виктор Радченко Өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.
Ақмола02 Наурыз , 19:37

Есілде  жаңа  қазандықтың құрылысы  қаланың экологиялық ластану мәселесін шешеді.   Қаладағы  10 қазандықтың орнына  1 ғана қазандық  жағылатын  болады. Ол қаланың экологиялық   жағдайына оң әсер береді.

«10 қазандықты оңтайландыру энергия  үнемдейтін қондырғыны қолдану кәсіпорынның шығындарын қысқартады», - деді В.Радченко.

Айта кетейік,  қазандық құрылысы  2015 жылдың  басында  «Нұрлы жол»  мемлекеттік бағдарламасы аясында   басталған болатын. Бүгінгі таңда  жоба бойынша  2,5 млрд теңге игерілді.




Яндекс.Метрика