Инфрақұрылымның дамуы

Семейде биыл 25 аялдама павильоны жаңартылмақ

Семей қаласының жолдарын жөндеуге және демалу орындарын абаттандыруға үш жыл ішінде 8 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады, деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.
Шығыс Қазақстан02 Наурыз , 20:46

Семей қаласын дамытудың 2017–2019 жылдарға арналған жоспарына сәйкес, қала тұрғындарының демалуына арналған орындарды абаттандыру, жолдарды жөндеу, көшелерді жақсарту көзделген.

Биыл Ертіс өзенінің жағалауын, Ленин көшесін, Әуезов атындағы вокзал маңы аумағын абаттандыру жалғастырылады. Учаскелердің әрқайсысында спорт және ойын алаңдары, орындықтар, шамдар, қоқыс жәшіктері орнатылады. Бұдан бөлек, 18 спорт алаңы және қала бойынша 25 аялдама павильоны ауыстырылады.

«Жыл сайын 1 млрд теңге қала жолдарын жөндеуге бағытталады. Үш жыл ішінде бұл қаланың ұзындығы 75 км құрайтын 48-ге жуық көшесін ретке келтіруге мүмкіндік береді. 2017 жылы қаланың орталық көшелеріне орташа жөндеу жасалады», – делінген хабарламада.

Жалпы 2017–2019 жылдары Семейде жалпы құны 42,3 млрд теңгені құрайтын 24 ірі жоба іске асырылатын болады. 




Яндекс.Метрика