Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

«Қазақмыс» 2017 жылы 230 мың тоннадан астам мыс өндіруді жоспарлап отыр

2016 жылдың есебі бойынша «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС катодтық эквивалентті есеппен 225,657 мың тонна мыс өндірді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Казахстан02 Наурыз , 18:49

 Бұл көрсеткіш 2015 жылмен салыстырғанда 5,4 мың тоннаға (+2,5%). артық. Жылдық есеп бойынша алынған кеннің құрамындағы мыстың көлемі 0,95% болды, бұл өткен жылғы 2015 жылмен салыстырғанда кендегі мыс көлемі (0,91%) артық, әрі жоспарланған көлемнен де 1,1 % артық болды.

2016 жылы Қазақмыстың байыту фабрикалары 29,8 миллион тонна кен өңдеді. 2017 жылы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС 232,6 мың тонна катодтық эквивалентті мыс өндіруді жоспарлап отыр. 2016 жылдың соңында экономика нарығында мыс бағасы өсті. 2017 жылда да мыс бағасы өсы деңгейде тұрады деген үміттеміз. Геологиялық барлау жұмыстарын одан ары жалғастырып, минеральды-шикізат көздерін молайтуға сенімдіміз.

Гидрометаллургия әдісін енгізіп, кәсіпорындарды жаңа технологиямен жабдықтаймыз. Қазақмыс компаниясы үшін өндірістік қауіпсіздікті сақтау және оқыс оқиғаларды болдырмау басты мәселе болып қала береді – деп мәлімдеді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Бақтияр Қырықпышев.

 




Яндекс.Метрика