Өңірлер

Арал ауданында 2 жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді

Биылғы жыл 80 мыңнан астам халқы бар Арал ауданының тұрғындары үшін сәтті басталуда.
Қызылорда02 Наурыз , 18:07

Денсаулық сақтау саласы бойынша бірнеше жаңалықтар орын алып, медициналық көмектің қолжетімділігі артуда, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ауданның   Аманөткел, Қаратерең ауылдарында жаңадан салынған дәрігерлік  амбулаториялар пайдалануға берілді.

Құны 101 млн теңгеден астам қаржыны  құрайтын ғимарттар заман талабына сай жабдықталған. Дәрігерлік амбулаторияларда 15 медицина қызметкері жұмыс жасайды.  10 төсек орынға арналған күндізгі емдеу бөлімі ашылған, дәрі-дәрмектермен толық қамтылған.

Емдеу мекемелерінің салтанатты ашылуына  облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарова мен аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қатысты. Шарада келер жылдан бастап енгізілетін  міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыруға байланысты туындаған тұрғындар сауалдарына жауап берілді.

 




Яндекс.Метрика