Энергетика

Қазақстан, БАӘ және Сауд Арабиясы энергетика саласында ынтымақтастықты дамытуда

Біріккен Араб Әмірлігі мен Сауд Арабиясы Корольдігіндегі қазақстандық делегация энергетика мәселесін талқылады, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде02 Наурыз , 17:52

Делегация құрамында  ҚР Энергетика министрлігінің  өкілдері, «Біріккен химия компаниясы»  ЖШС  және  «PSA». ЖШС бар.

Әмірлікке барған сапар барысында  БАӘ энергетика министрі Сухейл Мұхаммед әл-Мазруимен және  Әбу-Дабу Ұлттық мұнай компаниясының  басшылығы, «Mubadala Investment» инвестициялық корпорациясы  мен «Masdar» баламалы энергия көздері саласында  келіссөздер өткізілді.

Тараптар екі елдің энергетика саласындағы  ынтымақтастық  әлеуетін талқылады.

Сауд Арабиясында делегация «SABIC» штаб-пәтеріне барып,  инновациялар және  бизнес жөніндегі  атқарушы  вице-президент Уэйд әл-Харетимен екіжақты мұнай-газ саласын   талқылады.




Яндекс.Метрика