Энергетика

«ҚазТрансГаз» Астанаға газ құбырын тарту бойынша ТЭН әзірледі

Астана қаласын газдандыру процесі туралы ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясы барысында айтып берді.
Астана қаласы02 Наурыз , 13:16

«Астананы газдандыруға келетін болсақ, «ҚазТрансГаз» компаниясы газ құбырының құрылысы бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірледі. Қазір ол мемлекеттік сараптамаға жіберілді», – деді Қ. Бозымбаев.

Оның айтуынша, осы газ құбыры еліміздің батысынан оңтүстікке Қызылорда облысына қарай өтетін газ құбырына қосылады, кейіннен газ құбыры оңтүстіктен Жезқазған жағына қарай, өнеркәсіптік дамыған Қарағанды облысының  Жезқазған ауданына, содан кейін Қарағанды, Астана, Көкшетау қалаларына өткізіледі.  

«Бұл бағдардың қолайлы, не қолайсыздығын, газдың құны мен тасымалдау тарифін көмір құнымен салыстыра отырып бір айдан кейін ғана айта аламыз. Дизельдік немесе сұйытылған газбен салыстырғанда табиғи газ тиімдірек болуы мүмкін», – деп қорытындылады Қ. Бозымбаев.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика