Халықаралық интеграция

Маңғыстау облысы Аджария Автономиялы Республикасымен ынтымақтастықты кеңейтуде

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Аджария Автономиялы Республикасы Үкіметінің Төрағасы, Аджарияның ресми делегациясын бастап келген Зураб Патарадземен кездесті. Делегация құрамында мәденит саласының, ауыл шаруашылығы мен туризм бизнес-құрылымының өкілдері болды, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Маңғыстау02 Наурыз , 19:56

Екіжақты кездесу барысында әріптестік қарым-қатынасты нығайту және екі аймақтың арасындағы ресми шеңберді кеңейту мәселелері талқыланды. Тараптар арасындағы келісімді бекіту мақсатында Маңғыстау мен Аджария арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Біз үшін Маңғыстау облысына келу зор мақтаныш. Екі өңір арасындағы әріптестік бұрыннан бар, дегенмен оны әрі қарай жалғастыру өте маңызды. Грузия мен Қазақстан, Аджария Автономиялы Республикасы мен Маңғыстау облысы бір жазықтың бойында орналасқан, сондықтан екі жақтың сауда-экономикалық, гуманитарлық қарым-қатынасын дамыту үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет», - деп атап өтті Аджария Автономиялы Республикасы Үкіметінің Төрағасы Зураб Патарадзе.

Аджарияның туристік инвестициялық мүмкіндігі жоғары. Бизнесмендеріміз арасындағы біріккен жобаларды жүзеге асыру бойынша әріптестік қатынасымыз жалғасын табады деп ойлаймын. Бүгінгі жасалған меморандум екіжақты қарым-қатынасты тереңдетуге, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық бауырластық байланыстарымызды нығайтуға көмектеседі.

Сондай-ақ, біздер Маңғыстаудағы жобалармен, үлкен нысандармен танысып, сіздің облыстың бизнесмендерінің өнімдерін көретін боламыз. Сәйкесінше, біздер де Маңғыстау облысына жеміс-жидек, көкөніс, басқа да өзімізде дайындалатын өнімдерді әкелуге дайынбыз. Әріптестік қарым-қатынасымызды одан әрі нығайту жолдары бізді қатты қызықтырады

Ресми сапар аясында Аджария Автономиялы Республикасының делегациясы «Ақтау халықаралық теңіз сауда портының», «Каспи Битум» БК» ЖШС-нің өндірістік қуатымен, «Ақтау теңізпорты» АЭА аумағындағы кәсіпорындармен танысып, Маңғыстау облысының бизнес өкілдерімен кездеседі.

 

 




Яндекс.Метрика