Парламент

Сенат Түркиямен оқу-жаттығу өткізуде қолдау көрсету туралы меморандумды мақұлдады

Сенат депутаттары Түркиямен оқу-жаттығу өткізуде қолдау көрсету туралы меморандумды қолдады.
Астана қаласы02 Наурыз , 12:28

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы арнайы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қабылдаушы Тараптың қолдау көрсетуі туралы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының жобасын  ҚР Қорғаныс министрінің бірінші  орынбасары Мұрат Майкеев таныстырды. Меморандумға    2016 жылдың  20 қаңтарында Анкарада қол қойылды.

«Құжаттың мақсаты тараптардың міндеттемелері мен жауапкершілігін белгілеу болып табылады. Сонымен қатар оқу-жаттығу өткізу кезінде қабылдаушы тараптың қолдау көрсетуінің негізгі қағидаттарын айқындайды», - деді М.Майкеев.

Меморандумның ережелеріне сәйкес, оқу-жаттығу өткізу барысында қабылдаушы тарап жіберуші жақтың бөлімшелеріне техника мен қару-жарақты әкелуде, мемлекет ішінде алып жүруде, жолдарды пайдалануда рұқсат етеді. Сондай-ақ жеке құрамды қамтамасыз етіп отырған сапада жіберуші тараптың бөлімшесін тегін орналастырады.

 «Өз кезегінде жіберуші тараптың бөлімшесі қабылдаушы мемлекеттің заңнамасын және оқу-жаттығуларды өткізудің жоспарында нақтыланған рәсімдерді сақтайды. Сондай-ақ әскерлердің арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтауға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн»,-деді ол.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика