Үкімет

Қазақстанда электр энергетикасы саласында интеллектуалды энергия жүйесі құрылмақ

Электр энергетикасы саласында интеллектуалды энергия жүйесін құру қажет. Бұл туралы ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.
Астана қаласы02 Наурыз , 12:14

«Электр энергетикасы саласында интеллектуалды энергия жүйесін құру бұл смарт-жүйе. Интеллектуалды энергетика энергия жүйесінің барлық құрамдық бөліктерін тартуы тиіс. Ол бізге жаһандық сын-тегеуріндерге дайын болуға және энергияны резервтеудің энергетикалық қауіпсіздігін, транзиттік және экспорттық әлеуетті пайдалануды, ЖЭК әлеуетін пайдалануды, энергетика құрылымын оңтайландыруды, тиімділікті, үнемдеуді, инновациялық және ғылыми дамуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Қ. Бозымбаев.

Сондай-ақ, ол осы жұмыстың екі кезең бойынша өтетінін айтты.

«Бірінші кезең – энергия тарататын ұйымдар санын қысқарту, электр желілерін жаңғырту, барлық деңгейлерде коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу. Екінші кезең – электр энергиясының сапа көрсеткіштерін бақылау жүйелерін енгізу, аварияға қарсы автоматика және жиілік пен қуаттылықты реттеу жүйелерін жетілдіру», - деп қорытындылады Қ. Бозымбаев.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика