Парламент

Сенат ҚР Жоғарғы сот кеңесі туралы заңына енген өзгертулерді мақұлдады

Сенаторлар ҚР Жоғарғы сот кеңесінің қызметі туралы заң жобасын мақұлдады.
Астана қаласы02 Наурыз , 12:10

«Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Жоғары Сот Кеңесінің қызметі мен  «Астана» Халықаралық қаржы орталығы туралы  өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобасын   Жоғарғы сот судьясы Ақылтай Қасымов  Парламент Сенатының отырысында таныстырды.

«Конституциялық заң  жобасы  сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы  заңға  өзгертулер енгізуді қарастырады, олар  судьялардың кәсіптілігін бағалау  қорытындысы бойынша  шараларды жетілдіруге бағытталған», - деді судья.

Тәжірибе көрсеткендей, судьялардың  кәсіптілігін бағалау институты  өз тиімділігін көрсетті. Заң  жобасы Жоғарғы және облыстық сот отырыстарының қорытындылары бойынша сот қызметіне үміткерлерінің алуын нақтылайтын  өзгертулерді қарастырады.

« Ұлт жоспарының  17-қадамын жүзеге асыру бойынша 2016 жылдан бастап  судьялардың кәсіптік біліктілігін  5 жыл сайын тексеру үрдісі енгізілді», - деді А.Қасымов.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика