Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Мәслихат депутаттарының босаған 58 орнына 200 қазақстандық үміткер болып отыр

26 наурызда республиканың 58 сайлау округінде болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда кандидаттарды ұсыну кезеңінің аяқталды, деп хабарлады ОСК баспасөз қызметі.
Казахстан02 Наурыз , 15:37

«13 депутат облыстық, 9 – қалалық, 36 – аудандық мәслихаттарға сайланады.Сайлау науқанының барысында 201 кандидат ұсынылды, олардың 63-ін саяси партиялар, 138-сі өзін-өзі ұсынды»,- делінген  хабарламада.

Ұсынылған кандидаттар ішінде 154 (76,6 %) ер адам және 47 (23,4 %) әйел адам.65 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 70-і партия қатарында жоқ, 66-сы партияға тиесілілігін көрсетпеген.

Ұсынылған кандидаттардың ішінде 6 ұлттың өкілі бар.Кандидаттардың орташа жасы – 41 жас.156 (77,6%) кандидаттың жоғары білімі, 34 (16,9 %) орта арнаулы білімі және 11 (5,5%) орта білімі бар.

54,2% – мемлекеттік мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері; 35,3% – коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері 4,5% – саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері; 3,5% – уақытша жұмыссыз; 1,5% – жұмыс орнын көрсетпеген; 1% – зейнеткерлер.

Қазіргі уақытта мәсихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда. Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстарында тіркеу бүгін, 1 наурызда, ал Астана қаласында 10 наурызда аяқталады.




Яндекс.Метрика