Үкімет

Мұнай өндіруді қарқындату кен орындарының мұнай беруін 5%-дан 20 %-ға арттырады - Бозымбаев

Инновациялық технологияларды енгізу мұнай және газ кен орындарының әзірлемелерінің тиімділігін арттырады. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Үкіметтегі баспасөз мәлихатында мәлімдеді.
Астана қаласы02 Наурыз , 11:36

«Біз мұнай беруді арттыратын  әдістерге ерекше мән беруіміз керек. Бұл мұнай және газ кен  орындары әзірлемелерінің тиімділігін арттырады. Бізде көптеген  кен орындары бойынша тәжірибе бар,  олар Тенгиз, Қарашығанақ, Қашаған. Кен орындарында  физикалық-химиялық тәжірибе де баршылық, полимерлік құрамды өндіру, Қаламқас, Нұралы, Забурунье», - деді Қ.Бозымбаев.

Ол айтып өткендей, мұнай өндіруді қарқындату кен орындарының мұнай беруін  5%-дан 20 %-ға арттырады.   

«Мұнай өндіруді қарқындату бойынша біздің оңтайлы тәжірибеміз  бар. Бұл көлденең ұңғымаларды   бұрғылау мен  Маңғыстаумұнайгаз және Өзенмұнайгаз  бүйірлік ұңғылары. Ұңғымаларды бір уақытта және жеке пайдалануға беру тәжірибесі бар,  ол  бір ұңғыма арқылы  әр түрлі  нысандарды пайдалануға  бере алатын   әлеуетті технология», - деді министр.

Сондай-ақ, министр айтып өткендей, аталмыш бағыттарда үйлестіру жұмыстарын атқаратын үйлестіруші орталықтың болғаны абзал.

«Біз бұл міндетті  ЭМ ведомство аясындағы  ұйымдардың біріне жүктейміз. Біз осы бағытта елдегі ғылыми-зерттеу институттарының  рөлін қарастырып жатырмыз. Қарқындату әдісіне өту қажет. Ғылымның рөлі өте жоғары, осы жоспарда  шетелдік компанияларды тартпақпыз», - деді Қ.Бозымбаев.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика