Халықаралық интеграция

Прагада Қазақстан мен Чехия инвестициялық серіктестік мәселелерін талқылады

Прагада Қазақстан мен Чехияның өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық Үкіметаралық комиссиясының 9-шы отырысы өтті, деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Әлемде 02 Наурыз, 11:14

ҚР энергетика вице-министрі Бақытжан Жақсалиев  пен  Чех Республикасының  өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары  Ийржи Колиба  екіжақты сауда-экономикалық және  Қазақстан мен Чехия арасындағы  инвестициялық серіктестік талқылады.

Атап айтсақ, отырысқа қатысушылар  сауда, экономика, инвестиция, энергетика,  өнеркәсіп,  білім беру және ғылым,  ауыл шаруашылығы,  туризм  және өңіраралық деңгейдегі  ынтымақтастықты қарастырды.

Айта кетерлігі, 2016 жылы  өзара тауар айналым 252,2 млн долларды құрады. Бүгінгі таңда екіжақты қарым-қатынастың келісімдік-құқықтық  негізі қалыптасты.

Отырыс барысында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен  Стандарттау, метрология және сынақтар жөніндегі Чех басқармасы арасында өзара түсінушілік пен ынтымақтастық туралы меморандум құрылды. 





Яндекс.Метрика