Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Қазақстанда 2 айдың ішінде инфляция 1,8%-ды құрады

Қазақстанда 2 айдың ішінде инфляция 1,8%-ды құрады, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Казахстан02 Наурыз , 15:16

Ағымдағы жылдың басынан (2017ж. ақпан 2016ж. желтоқсанға) бағаның өсуі картопқа 15%, жаңадан жиналған көкөністерге – 13,9%, сиір етіне – 5,3%, сары майға – 4,3%, қой етіне – 4,2%, жаңадан жиналған жемістерге – 3,3%, жылқы етіне – 2,7%, мәйекті ірімшікке – 2,2%-ға, косервіленген сүтке, нанға – 2,1%-дан белгіленді. Бағаның төмендеуі жұмыртқаға 4,7%, қантқа – 3,2%, қарақұмық жармасына – 1%-ға тіркелді.

Баға өсімі автомобильдерге 2,2%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 2%-ға, фармацевтикалық өнімдерге, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 1,4%-дан, газеттер, кітаптар және кеңсе тауарларына – 1,3%-ға, жиһаз және үйге қажетті заттарға, тоқыма бұйымдарына, жеке қолданатын тауарларға – 1,2%-дан, тұрмыстық аспаптарға – 1%-ды құрады. Бензин 4,3%, баллондағы сұйытылған газ – 4,2%-ға қымбаттады.

Баға деңгейі құқық қызметтеріне 7%, көлiк құралдарын сақтандыру – 6,8%, денсаулық сақтау – 2,3%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 1,4%-ға өсті. Қалааралық автобуспен жол жүру ақысы 2,7%-ға қымбаттады, ал жолаушылардың әуе көлігімен – 9,1%, темір жол көлігімен – 0,3%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер кәрізге 6,8%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,2%, орталықтан жылытуға – 2,4%-ға, электр энергиясына, ыстық суға – 2,3%-дан, суық суға – 2,2%-ға жоғарылады.

 




Яндекс.Метрика