Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Конституциялық реформалар Қазақстанның әлемнің дамыған елдер қатарына қосылуына мүмкіндік береді – ардагерлер

Көкшетауда Қазақстандағы конституциялық реформаларды талқылау Ардагерлер кеңесі активінің отырысында облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың қатысуымен талқыланды, деп хабарлады Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде.
Ақмола 02 Наурыз, 10:16

«Ұсынылып отырған реформа  билік тармақтарының өкілеттігін қайта бөлуді қарастырады.  Жалпы, саяси жүйені  демократияландырудан тұрады.  Президент үшін жаңа жағдайда  стратегиялық қызмет басымдылыққа шығады,  билік  тармақтары арасында   жоғарғы арбитр рөлін атқарады. Мемлекет басшысы  сыртқы саясатқа, ұлттық қауіпсіздік пен елдің қорғаныс  саласына ерекше назар аударған. Оған қоса, Үкімет пен Парламенттің рөлі күшейе түседі», - деді ішкі саясат басқармасының жетекшісі  Айна Мүрсалимова.

Шараға қатысушылар айтып өткендей, билік тармақтары арасында  өкілеттіктерді бөлу  Қазақстанның  әлемнің дамыған елдер қатарына қосылуына мүмкіндік береді.

«Қазақстан Тәуелсіздіктің  25 жылында  Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен  демократиялық  саяси-құқықтық  жүйесі бар,  тұрақты экономикасы мен халықтың өмір сүру жағдайы күн сайын артатын елге айналды. Билік тармақтары арасында өкілеттікті қайта қарау  дамыған елдер қатарына қосылуға мүмкіндік береді», - деді  облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Амангелді Ақынов.

Сондай-ақ, аудандық, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағалары. Облыстық кеңестің мүшелері 2016 жылда атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Баяндамашылар өз ұйымдарының  жұмысы мен  облыстық ардагерлер кеңесінің 2016 жылғы жұмысын оң бағалады. 





Яндекс.Метрика