Энергетика

Новороссийск портында қашаған мұнайының бірінші партиясы тиелді

Новороссийск портында «ҚазТрансОйл» АҚ жаңа бағдары бойынша Siberian Light алғашқы партиясы тиелді, деп хабарлады компания.
Әлемде 02 Наурыз, 09:54

Мұнайдың осы партиясын жеткізу 2017 жылғы қаңтарда басталып, шикізат сапасының сақталуымен «ҚазТрансОйл» АҚ-ға тиесілі Атырау – Самара мұнай құбыры жаңа бағдары бойынша алғаш рет жүргізіледі.

«Осы уақытқа дейін Атырау – Самара мұнай құбыры бойынша қашаған мұнайының алғашқы партиялары қазақстандық мұнайдың басқа сұрыптарымен бірге жеткізіліп, кейін ресейлік Urals-пен бірге  «Транснефть» ЖАҚ жүйесі бойынша тасымалданған. Осы ретте аз күкіртті сібір жеңіл мұнай ағымындағы жеткізілімдер нетбэгі Urals-пен салыстырғанда едәуір жоғары, бұл отандық мұнай компаниялары және жалпы Қазақстан үшін едәуір тиімді. Болашақта шикізат сапасы сақтала отырып, қашаған мұнайын тасымалдауға мүмкіндік беретін жаңа бағдар бойынша басқа қазақстандық кен орындарының жеңіл мұнайы жеткізіледі деп күтілуде», – деп түсіндірді компанияда.

Бұрын хабарланғандай, Новороссийск портында қашаған мұнайын танкерге тиеу 22–23 ақпанда жоспарланған болатын, алайда, ауа райы жағдайларының нашарлауына байланысты кейінге қалдырылған.  

Еске сала кетейік, Қашаған кен орнынан «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесіне мұнай қабылдау 2016 жылғы 11 қазанда басталған еді. 2017 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбырлары жүйесіне қашаған мұнайын қабылдау 239 мың тоннаны құраған.





Яндекс.Метрика