Парламент

Д.Назарбаева: Ризашылығыңды білдіре алу – адамның маңызды қасиеттерінің бірі (ФОТО)

ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева «SOS Қазақстандағы балалар ауылдары» ұйымдастырған «Ризашылық – балалар үшін мейірім» қайырымдылық мерекесіне қатысты, деп хабарлады палата.
Астана қаласы 01 Наурыз, 19:48

Сенатор тәрбиеленушілерді Қазақстанда 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтады.

«Ризашылығыңды білдіре алу – адамның маңызды қасиеттерінің бірі. Сіздерге әрқашан да сондай қасиет тән болса дегім келеді. Еліміздегі SOS балалар ауылында еңбек ететін азаматтардың бәріне де алғысымды білдіремін. Бүгінде тәрбиеленушілердің жайлы үйі бар, қамқорлық пен қолдауға ие. Оның маңызы өте зор», - деді Д. Назарбаева.

Кәсіпкер Нұрлан Смағұлов әлеуметтік және қайырымдылық жобаларының ізгі дәстүрін жалғастыра отырып, Астана, Алматы және Теміртау қалаларындағы балалар ауылдарының тәрибиеленушілеріне Қазақстанда жасалған үш «Hyundai H1» микроавтобусының кілтін табыс етті.

«SOS Қазақстандағы балалар ауылдары» қорының арқасында балалар қамқор отбасында өсуіне, қажетті өнерді игеруіне, білім алуына және қоғамның толыққанды мүшесіне айналуына мүмкіндік болғанына мен өте қуаныштымын», - деп атап өтті Нұрлан Смағұлов.

Халықаралық SOS қозғалысы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасы бойынша 1993 жылы Қазақстанға келген болатын. Қазіргі кезде «SOS Қазақстандағы балалар ауылдарында» 295 бала бар. 10-12 отбасылық үйлерден құралған балалар ауылдарындағы әр отбасында 6-8 баладан, түрлі жастағы ұлдар мен қыздар бар.
 





Яндекс.Метрика