Өңірлер

Жамбыл облысында қант қызылшасын алуға 300 млн теңге бөлінді

Жамбыл облысында қант қызылшасын алуға 300 млн теңге бөлінді, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Анабеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде.
Жамбыл02 Наурыз , 08:53

Ақпарат бойынша, үстіміздегі жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әр тараптандыруға сәйкес 608,8 мың гектарды құрайды деп жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,6 мың гектарға немесе 2,6 пайызға артық.

Нақтырақ айтқанда, 2017 жылдың өнімі үшін 106,7 мың гектарға күздік бидай, 139,1 мың гектарға жаздық арпа, 15,1 мың гектарға дәндік жүгері, 2,2 мың гектарға жаздық бидай, 10,0 мың гектарға қант қызылшасы, 87,7 мың гектарға майлы дақыл, 36,8 мың гектарға көкөніс және бақша өнімдері, 8,7 мың гектарға картоп және 208,0 мың га алқапқа мал азығы дақылдарын орналастыру жоспарланған.

Биылғы жылы өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мақсатында қант қызылшасы, майлы дақылдар, көкөніс-бақша, картоп және мал азықтық дақылдардың көлемін арттыру көзделуде.

Жоғарыда атап өткеніміздей ағымдағы жылы қант қызылшасы дақылын 10,0 мың гектарға егу жоспарланып отыр.

Осыған орай, биылғы жылы облыс көлемінде орналасқан ауыл шаруашылығы құрылымдарының айналымдық қаражатының жоғын ескере отырып, қант қызылшасы дақылына қажетті тұқым мен қажетті техникаларды сатып алу мақсатында, облыстық бюджеттен 300 млн теңге қаржы бөлінуде.

Бүгінгі күні шаруашылықтарды қант қызылшасы тұқымы мен қамтамасыз ету мақсатында «ОртаАзиялық қант корпорациясы» ЖШС-мен келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде аталған серіктестікке қажетті 10 000 себу бірлігіне өтініш берілді. Енді наурыз айының бірінші он күндігінде Франциялық Флоримон Депре компаниясының «Авантаж» сортты қант қызылшасы дақылының тұқымы жеткізіліп, шаруаларға таратылатын болады.

Сонымен қатар, жаздық дақылдардың егіс алқабына қажетті тұқымдық материалдарды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде жаздық арпа мен мал азықтық және майлы дақылдардың тұқымдарымен толық қамтылған болса, картоп, дәндік жүгері дақылдарына қажетті тұқымдар басқа облыстардан алынуда.

Мысалы, 8,7 мың гектар картопқа қажетті 22,7 мың тонна тұқымның 18,4 мың тоннасы немесе 81,2 пайызы дайындалса, жетіспейтін көлемді шаруа қожалықтар Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарынан сатып алуда. Ал, дәндік жүгеріге қажетті 381,4 тонна тұқымның 192,9 тоннасы қолда болса, қалған жетіспейтін тұқым қазіргі уақытта тұқым сатушы фирмалардан қарастырылуда.

Негізі облыс климатына ыңғайлы Алматы облысындағы «Будан» ЖШС-нің «Тұлпар 539» гибридті сорты кең қолданылатын. Алайда, биылғы жылы бұршақтың ұруына байланысты аталған сорт аз мөлшерде өндірілген. Осыған орай, дәндік жүгеріні ең көп егетін Қордай ауданының шаруалары басқа фирмалардан «Термо», «Доллар», «Пионер» сорттарын сатып алуда. Бүгінгі күнге құйылған 43,4 мың тонна жаздық дақылдар тұқымының 14 пайызы жоғары репродукциялы болса, 64,5 пайызы ІІ-V репродукциялық және 21,5 пайызы массалық тұқымдар.

Жалпы, көктемгі егіс дала жұмыстарының басталуына барлық дақылдар бойынша тұқым толық дайындалады деп күтілуде.




Яндекс.Метрика