Парламент

Спорт түрлерін саралаудың негізгі талаптары анықталды

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Парламент Мәжілісінің отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымында спорт түрлерін саралаудың негізгі талаптары туралы айтып өтті.
Астана қаласы01 Наурыз , 18:12

Министрдің айтуынша, бюджеттік қаржыны  спорт түрлері арасында  тең бөлу мақсатында заң жобасы  спорт түрлерін саралау жүйесін енгізу қарастырылуда. Бюджет анықталған соң саралаудың  талаптары ескеріледі.

«Саралаудың негізгі  талаптары ретінде: халықаралық  жарыстардағы спорттық жетістіктері,  спорт түрінің  ұлттық-мәдени дәстүрлігі, кадр әлеуетінің болуы, материалдық-техникалық базаның қамтылуы,  спорт түрінің өңір ауа-райына сай келуі», - деді ведомство басшысы.

Заң жобасы Ұлттық  олимпиада комитетіне   мемлекеттік тапсырмаға қатысу құқығын беру,  дене шынықтыру және спорт саласында негізгі түсінікті кеңейту, мемлекеттік саясат бойынша  дене шынықтыру және спорт саласының талабын күшейту,  оның ішінде тек  ұлттық-техникалық спорт ведомстволары ғана емес,  олимпиадалық, параолимпиадалық және олипиадалық спорт түрлерін де қосуды қарастырады.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика