Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

ҚР Бас прокуратурасы бірқатар өкілеттікті қысқартуды ұсынды

ҚР Бас прокуратурасы ҚР Конституциясына бірқатар өкілеттікті сот жүйесіне беру туралы өзгеріс енгізуді тапсырды. Бұл туралы Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель Сенат отырысында мәлімдеді.
Астана қаласы01 Наурыз , 17:38

«Біздің пайымымызша, прокурорлар мемлекеттік мүддесі бар істерге, адамдар өздерін қорғай алмаған жағдайда араласуы тиіс. Иә, бүгінде халық арасында қит етсе, прокуратураға арыз жазу әдеті бар. Дегенмен, ЭДЫҰ елдерінің қатарына қосыламыз десек, бәрібір қазіргі жүйені өзгертуге тура келеді. Айта кететіні,  прокуратураның өкілеттіліктерін сот органдарына беру тұжырымдамасы әлі әзірленген жоқ. Алдағы уақытта аталған құжатты депутаттардың қарауына енгізу көзделіп отыр», - деп атап көрсетті Бас прокурордың орынбасары.

Бас прокурордың орынбасары хабарлағандай, прокуратураға түсетін   әлеуметтік-экономикалық салаға қатысты барлы істер үш жағдайда қарастырылады.

«Бірінішісі – меморган тексеріс жүргізгеннен кейін азамат қанағаттанбаса, екіншісі – ол жерде дау болатын болса, үшіншісі – егер Елбасының  тапсырмасы бар болатын жағдайда. Ол әлеуметтік-экономикалық салаға байланысты болып отыр», - деді И.Меркель.

«Біз бүгінде сот инстанциясына айналып отырмыз. Барлық арыз-шағымдар алдымен бізге түседі. Содан прокуратура әрбір іс бойынша қарсылық білдіруге мәжбүр. Оның барлығы көп уақытты алады, өкілеттіліктеріміз тым көп. Мәселен, жылдамдықты асырғаны және болмашы жол-көлік оқиғалары бойынша жұмыс істеуге тура келеді. Алайда әлемдік тәжірибеге сәйкес, адамдар өздері сотқа барып, тиісті шешімдерге қарсылық білдіріп жатады.Ұсақ заң бұзушылықтарды бірінші инстанциядағы сот органдарына беруге болады. Ондайда кез келген адам прокуратураның көмегіне жүгінбей-ақ, сот арқылы өз құқығын қорғай алады. Ал прокуратураға нақты қылмыстарға қатысты істерді қалдыру қажет деген ұсыныс бар», - дейді Меркель.

Қайрат Жандыбаев 




Яндекс.Метрика