Парламент

Қазақстанда «Барсиада» спорттық бағдарламасын іске қосу жоспарлануда

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева еліміздегі мектеп спортының дамуы туралы айтып берді.
Астана қаласы01 Наурыз , 17:24

«Әріптесім Ольга Шишигинамен бірге екі жыл бойы министрліктің көмегімен «Барсиада» спорттық бағдарламасын әзірледік. Біздің мектептерімізде, колледждерімізде білім алатын оқушылар үшін спорт түрлері төленуі тиіс. Біз есептер жүргізіп, қажетті қорытындылар жасадық және оны барлық олимпиада чемпиондары қолдады», - деп атап өтті З. Балиева.

Депутат мәлімдегендей, бүгінде мектеп спортын дамытуға көбірек көңіл бөлу керек.

«Біз жоғары жетістіктер спорты жөнінде үнемі айтып келеміз. Алайда, егер адам мектеп жасында спортпен шұғылданбаса, ол олимпиада чемпионы болмайды. Біздің мақсатымыз спорт саласында жоғары жетістіктерге қол жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар салауатты ұрпақ өсіріп шығару. Бүгінгі таңда балаларға өте аз көңіл бөлінуде, осыны қазірден бастап жүйелі деңгейге қою керек деп ойлаймын».  

Мектеп директорларының, ауыл әкімдерінің және барлық деңгейдегі әкімдердің рейтингтерінің бірі балаларымыздың қатысу көрсеткіштері және спортпен шұғылдануы болуы тиіс.

Сондай-ақ, депутат Мәдениет және спорт министрлігіне, «Самұрық-Қазына» мен Ұлттық олимпиада комитетіне еліміздің намысын қорғап, жарыстарға қатысатын балаларға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Ақбота Күзекбай

 

 

 




Яндекс.Метрика