Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Жоғарғы соттың сот қызметінің жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсынысын жариялады

Жоғарғы соттың сот қызметінің жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсынысын жариялады. Бұл туралы Жоғарғы соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қадырбаева Сенат отырысында мәлімдеді.
Астана қаласы01 Наурыз , 17:05

«Қазақстандағы кезеңдік реформалау бүгінгі кезеңде мемлекеттік  билік саласында  қайта құрылуды қажет етеді. Мемлекет басшысының конституциялық реформаның мақсаттары ешкімнің  күмәнын тудырған жоқ, Жоғарғы сот  арнайы жұмыс тобы қызметінің аясында билік тармақтары арасында билікті бөлу мен сот жүйесін жетілдіру   бойынша бірқатар ұсыныстарын алға  тартты», - А.Қадырбаева.  

Ол айтып өткендей, Ұлт жоспарының 17-қадамына сәйкес  сот жүйесі мен ҚР судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңға өзгертулер енгізілді.

Сондай-ақ,  Ұлт жоспарының 16-қадамына сәйкес, әділ соттың үш деңгейлі жүйесі енгізілді, осыған орай Жоғарғы сот жергілікті және өзге соттарға байланысты Конституциялық сатыны жүзеге асырып жатыр.

Сонымен қатар, Конституция бойынша қарастырылатын Конституциялық заңдарды  қабылдау мүмкіндігі жөнінде   62 баптың 4 тармағы бойынша талаптарды қамтамасыз ету мақсатында өзгеріс енгізу қарастырылған. Заң 2015 жылдың  7 желтоқсанында шыққан  АХҚО туралы Конституциялық заң арқылы регламентенуі тиіс.

«Атап айтсақ, Конституцияның  73 бабының  3 тармағында сотқа Жоғарғы және  жергілікті, өзге соттармен қатар,  АХҚО  туралы конституциялық заңнамаға тиесілі соттар да енетін болады. Негізгі заңның  77 бабында  әділ сотқа орталық соттарының жіберілуі  АХҚО туралы конституциялық заңы бойынша анықталатынын енгізу керек», - деді А.Қадырбаева.

Оның айтуынша, ескертпе  конституциялық  деңгейде  АХҚО аясында  жұмыс істеу мүмкіндігін бекітеді.

Қайрат Жандыбаев 




Яндекс.Метрика