Инфрақұрылымның дамуы

Семей тұрғындары 3148 пәтерге ие болады

Семей тұрғындары қалада тұрғын үй құрылысын дамыту жөніндегі 13 жобаның іске асырылуы аясында 3148 пәтерге ие болады.
Шығыс Қазақстан01 Наурыз , 20:09

«Семейде тұрғын үй құрылысын дамыту үшін 13 жоба іске асырылуда. Нәтижесінде, 3148 отбасы қоныс тойын тойласа, 3395 адам жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін иеленетін болады. Әрбір учаске инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі», - деп хабарлады ШҚО ақпарат орталығы.                   

Семей қаласын дамытудың алдағы үш жылға арналған жоспарында қаладағы тұрғын үй проблемасын шешу механизмі анық жазылған. Жалпы, 3 жыл ішінде қалада 300 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілмек, соның ішінде 138,5 – Қарағайлы тұрғын ауданында.

Қарағайлы шағын ауданы көпқабатты тұрғын үй құрылысы үшін негізгі тұрғын аудан болып белгіленген, онда 18 көппәтерлі тұрғын үй даму институттарының 11,1 млрд теңге мөлшеріндегі инвестициялары есебінен салынбақ. Қарағайлыдағы тағы 20 үйді республикалық және облыстық бюджеттер есебінен салу жоспарланған.

Тұрғын үй құрылысын дамыту үшін 13 жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде, 173,3 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 3148 пәтер берілетін болады.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы бастаған «Нұрлы жер» жаңа тұрғын үй бағдарламасының іске асырылуы Семей тұрғындарына жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін алуға мүмкіндік береді. Қаланың 10 ауданында ЖТҚ үшін 3395 учаске беріледі. Осы ретте, қалалық билік үйлердің тегін үлгілік жобаларын беруге дайын. 




Яндекс.Метрика