Халықаралық интеграция

Халық маркасы қазақстандық тауар өндірушілері өткізу нарықтарын кеңейтуде

Ресей мен Еуропадағы ең ірі «ФУД СИТИ» агрокластерінің аумағында «Халық маркасы» федерациясы (Қазақстан) мен Еуразиялық іскерлік одақ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Әлемде 01 Наурыз, 19:54

Дәл осы уақытта Саха Республикасы (Якутия), Ставрополь өлкесі, Өзбекстан және Оңтүстік Корея павильондарының салтанатты ашылу рәсімі өтті, оған өңірлердің, Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК), Ресейдің Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «ТМД Экономикалық даму іскерлік орталығының» өкілдері қатысты.

Ашылу рәсімінде қазақстандық делегациядан «Халық маркасы» федерациясының қамқоршылық кеңес төрағасы Әжібаева Жібек және «Нұр» компания тобы басқармасының төрағасы Таукен Қайырлы қатысып, іс-шараны ұйымдастырушыларға қазақстандық тауар өндірушілерді ілгерілетуге жәрдемдесуі үшін алғыс білдірді. 

«Біз жоғары технологиялық тұғырнама жасап жатырмыз, бұл қазақстандық бизнеске әлемнің 30-дан астам елінде өзара сауда көлемдерін тұрақты ұлғайтып отыруға көмектесетін жаһандық электрондық сауда», - деді «Еуразиялық іскерлік одақ» басқармасының төрағасы Виктор Камболов «Халық маркасы» федерациясымен келісімге қол қоя отырып.

Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік департаментінің директоры Бауыржан Бекешев Қазақстанның көрме-сауда павильонының жұмысына жоғары баға берді.  

«Жобаның болашағы зор: ол Еуразиялық одақтың сауда шеңберінен асып, халықаралық жобаға айналды. Мұнда тек ТМД елдері ғана емес, сонымен қатар алыс шет елдер де бар», - деп атап өтті ол.

Айта кету керек, Қазақстанның өнім берушілері өткізу нарығын кеңейтуге мүдделі. Қазақстандық тауар өндірушілер өз бизнесін кеңейту, сонымен қатар дистрибуцияның күрделі тізбегіне ұшырамау үшін шешім табуға тырысуда.





Яндекс.Метрика