Парламент

Спортты тиімді қаржыландыру моделін министр А.Мұхамедиұлы таныстырды

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заң жобасы спортты тиімді қаржыландырудың моделін әзірлеуді қамтамасыз етеді, ол қаржыландыруды республикалық және облыстық деңгейлерінде тәуелсіз бөлуді реттейді, деді Парламент Мәжілісінің отырысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.
Астана қаласы01 Наурыз , 16:09

Ұсынылған заң жобасы әрекеттегі дене шынықтыру және спорт   жүйесін қаржыландыруды ұсынып отыр.

«Біріншіден, бұл жүйе Норвегия, Франция, Германия сынды   барлық спорт державаларының  тәжірибесін ескере отырып, Қазақстандағы спортты саптауға негізделген. Бұл спортты тиімді қаржыландырудың моделін  әзірлеуді қамтамасыз етеді, ол қаржыландыруды  республикалық және облыстық деңгейлерінде  тәуелсіз бөлуді реттейді. Екіншіден, ұсынылған заң жобасы әрекеттегі дене шынықтыру және спорт   жүйесін қаржыландыруды алғаш рет   ұсынып отыр», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Ведомство басшысы айтып өткендей, жергілікті атқарушы органдар бұқаралық спортты дамытумен, орталық құзырлы орган – дене шынықтыру мен спортты дамытудың стртегиялық тапсырмаларын  үйлестіру,  бюджеттік қаржыны пайдалануды бақылаумен айналысады.

Оған қоса, Ұлттық олимпиадалық  комитеттің  рөлін күшейте түседі.

«Тұрғылықты орындарда дене шынықтыру мен спортты дамытуға бөлінетін  бюджеттік қаржы біркелкі бөлінбеген. Дене шынықтыру мен спортты дамытудың  кешенді жоспары толық  әзірленбеді. Дамыған инфрақұрылымға қолжетімділіктің шектеулі болуы,  қазақстандық спорттың бәскеге қабілеттігін азайтады», - деді А.Мұхамедиұлы.

Министр айтып өткендей, өңірлерде  спортты қаржыландыру   футбол, хоккей, күреске басымдылықты бере отырып  спорттық ойын түрлерін  дамытуға бағытталған.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика